00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ыстанбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ – СІМ

31.03.2023 | 20:07
Елорда ақпарат
93

Кеше Түркияның Ыстанбұл қаласында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Elorda.info

Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Ыстанбұлда жарылыс жасады деген күдікті қолға түсті (ВИДЕО)

Бас консулдық Қазақстан азаматтарынан Түркияда сақ болуды сұрады

Кешегі Ыстанбұлдағы суық хабарды естіп, біздің сол қаладағы Бас консулдығы жергілікті билікпен байланысқа шықты. Әрине, ақпаратты анықтау біраз уақыт алды. Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Түнімен біздің дипломаттар жақын маңдағы барлық ауруханаларды зерттеп шықты. Қуанышқа орай, біздің азаматтарымыз зардап шеккендер тізімінде жоқ. Алайда, әлі де тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты Түркия тарапы өзге ақпарат ұсынбайды, - деді Айбек Смадияров.

 

Все новости