00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Белгілі сатирик Көпен Әмірбек қайтыс болды

31.03.2023 | 20:00
Елорда ақпарат
153

Белгілі сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы белгілі ақын Серік Сейітман facebook-парақшасында жазды. 

Көңілдеріңізге көп рақмет.
Көпен ағам бізді тастап кетті… – деп жазды ол. 

Көпен Әмірбекұлы 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1973 жылы бітіріп, Қиыр шығыста екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған.

1978 жылы Мәскеуде, 1980 жылы Ташкентте өткен бүкілодақтық жас сықақшылар фестиваліне қатысып, «Правда» баспасынан шыққан «Надейся и жди», «Крохотные звезды» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинақта әзіл-сықақтары жарияланды.

Саяси сатиралық «Ара-Шмель» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Бас редактор, ғылыми-техникалық «Білім және еңбек» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиеті» газетінде сатира және юмор бөлімінің меңгерушісі, «Егемен Қазақстан» газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотында баспасөз хатшы, Қазақ радиосында Бас редактор болып қызмет істеді. Саяси-қоғамдық сатиралық «Ара» Kz журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы болды.

Көпен Әмірбек «Қымызхана», «Тамаша» ойын-сауық отауының белсенді авторы ретінде, сондай-ақ өзі құрған «Көпен келе жатыр...» атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды. Орыс әдебиетінің классиктері И.Крылов, С.Михалков, С.Маршактың мысал-мысқылдары мен лезгин сатиригі Жамидиннің және өзбек әзілкеші Абдулла Қаһардың бірсыпыра сықақ өлеңін қазақ тіліне аударды. «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Мың бір мысал», «Ауызбастырық», «Өзіңді танисың ба?», «Көпен келе жатыр...», «Із», «Көкемнің көзі», «Па, шіркін, пародия!...» атты әзіл-сықақ, сын мақалалар кітабының авторы.

Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Еске сала кетсек, қаламгердің бұған дейін ауырып жатқаны белгілі болған еді. 

 

Все новости