00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда ғылымнан кеткен зерттеушілер саны қалай өзгерді

31.03.2023 | 19:57
Айман Нығмет
94

Қазақстанда ғылым саласына қадам басқан ғалымдар саны соңғы алты жылда 18,5% артты, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Деректерге сәйкес, 2016 жылы олардың саны – 3 392, ал 2021 жылы 4 164 маманды құрады.

Ғылым саласына қабылданған зерттеуші мамандар саны:

2016 жылы – 3 392;

2017 жылы – 3 896;

2018 жылы – 3 985;

2019 жылы – 2 804;

2020 жылы – 4 703;

2021 жылы – 4 164.

Алты жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2021 жылы ғылымнан кеткен зерттеушілердің саны 840 маманға көп. Көрсеткіш алты жыл ішінде 27 пайызға артқан. 2019-2020 жылдары зерттеушілердің ғылымнан кету үлесі бәсеңсігенімен, 2021 жылы көрсеткіш күрт артып, 3 147 адамды құрады. Бұл – соңғы алты жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. 

2016 жылы – 2 307;

2017 жылы – 2 176;

2018 жылы – 2 075;

2019 жылы – 1 572;

2020 жылы – 1 770;

2021 жылы – 3 147.

 

Все новости