Смартфоныңыз сізді «сатып кетуі» мүмкін: мамандар сақ болуға шақырады
![](/img/articles/uploads/635b641f0de2d587732498_645af9fe28.jpg)
Жыл басынан бері қазақстандықтардың мобильді құрылғыларына 13 мыңға жуық шабуыл жасалған. Мұндай статистиканы «Касперский зертханасының» сарапшылары келтіріп отыр. Деректеріне сенсек, тыңшы-трояндардың толассыз шабуылы өткен жылмен салыстырғанда 29 пайызға өскен. Яғни бұл шабуылдар азаматтардың дербес деректерін жинауға бағытталған екен. Ал мамандар әр азамат трояндық тыңшылардан өзін-өзі қорғағаны абзал екенін айтады. Өйткені киберқылмыскерлер әлеуметтік желілердегі парақшасын бұзып қана қоймай, жасырын мәліметтерін жария етуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info 31-телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Күнделікті алыс-жақын ағайынмен тілдесіп, түрлі сурет түсіріп, желіге жүктеп жүрген смартфоныңыз сізді «сатып кетуі» әбден мүмкін. Себебі қолыңыздағы құрылғыда тыңшылық қызмет атқаратын бағдарламалық жасақтама болуы ғажап емес.
Әрі оны дер кезінде анықтау да қиын. Мәселен, «Касперский зертханасының» сарапшылары қазақстандықтардың телефонына 13 мыңға жуық тыңшылық шабуыл жасалды деп отыр. Бұл небәрі сегіз ай ішінде тіркелген дерек. Демек киберқылмыскерлердің зиянкес бағдарламалар көмегімен пернелерді басып, әлеуметтік желі арқылы хат алмасуға, экран бетін түсіріп алуға мүмкіндігі бар.
Бұның бәрі белгілі бір деңгейде дербес деректеріңіздің қолды болуына әкеп соғады. Мамандар смартфон қолданушылары көбейген сайын киберқылмыс саны да арта береді дейді. Ал одан қорғанудың бірнеше жолы бар екен. Яғни, қосымшаның қай түрін болсын, тек ресми дүкендер мен сенімді көздерген жүктеген абзал. Сәйкесінше, үнемі жаңартып отыру қажет. Сол арқылы қосымшаны жетілдіріп, қауіптің алдын алуға мүмкін болады. Сондай-ақ смартфондарды қорғайтын бағдарламаларды жазуды әдетке айналдырған дұрыс.
Орнатып жатқан қосымшаларға қандай рұқсат бересіз, соны қадағалаған дұрыс. Смартфонды балаларға бергенде сақ болу керек. Себебі балалар ойынға қызығып, көптеген рұқсатты беруі немесе жарнама арқылы сілтемелерге өтіп, зұлымкес программаларды орнатуы мүмкін, – дейді ХАТУ киберқауіпсіздік кафедрасының сениор-лекторы Шәкірт Макиленов.
Маман киберқылмыспен айналысатын адамды табу қиын дейді. Әсіресе, қылмыскер тәжірибелі болса. Ал телефонға «троян» вирусы секілді тыңшылық шабуыл жасалғанда қуаты ерте таусылып, өшіп қалады деп отыр. Әрі интернет трафикті де әдеттегіден көп тұтына бастайды. Айтуынша, мұндай белгілер байқалса, бірден маманның көмегіне жүгінген жөн.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)