00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қарағанды облысында жазасын өтеуші Головкиннің портретін салды

31.03.2023 | 17:50
Елорда ақпарат
102

Қарағанды ​​облысында сотталған адам боксшы Геннадий Головкиннің портретін салды, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz сайты жазғандай, сотталғандар қазақ боксшысына, осылайша, қолдау көрсетуге бел буыпты. Олар Геннадий мен Альварестің жекпе-жегі көңілін түсірмегенін әрі Қазақстанның чемпионына одан сайын тәнті болуға негіз болғанын атап өткен.

Мамандығым суретші. Соңғы туындымды Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне арнадым, – дейді жазасын өтеуші.

Геннадий Головкиннің портретін мекеме қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының Г. Головкин атындағы спорттық-сауықтыру кешеніне тапсырды.

GGG атындағы Қарағанды қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бас инженері Юрий Сергеевтің айтуынша, суретші Геннадийдің жылы көзқарасы мен қайсарлығын ерекше бедерлеген.

18 қыркүйекте GGG тағы да Альварестен жеңіліп қалды. Бірінші және екінші жекпе-жектерден айырмашылығы бұл жолы боксшылар 76,2 келі салмақ дәрежесінде кездесті. Бұл Головкиннің осы салмақтағы дебюттік жекпе-жегі болды.

 

Все новости