00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Отбасы институты аянышты жағдайда»: Дәурен Айдарқұлов ажырасып кеткеніне өкінетінін айтты (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:49
ҒаниАтымтай
131

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов отбасынан ажырасқанына өкінетінін айтты, деп жазады Elorda.info.

Ол қарым-қатынасты қалпына келтіруге әрекет жасағанымен, онысын түк шықпаған. Енді ол бәріне өзін кінәлі санайды. 

Сондай-ақ Айдарқұлов instagram-парақшасында ажырасулар санының өсіп жатқанына алаңдап, олардың санын азайтуды көздеп отырғанын жеткізді.

Екі некеде болдым, екеуінен де ажырастым. Бірінші некеде үш балам бар. Екіншісінде екі балам бар. Ажырасқаныма өкінемін бе? Иә! Қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырыстым ба? Иә! Менің ажырасқаныма кім кінәлі? Мен! Қазақстанда әрбір төртінші отбасы бұзылады екен. Бір отбасының орташа ұзақтығы шамамен 7-10 жылға созылады. Өкінішке орай, ерлі-зайыптылардың көбісі ортада бала пайда болғанда ажырасады, - деді актер.

Оның айтуына қарағанда, Қазақстан жер көлемі жағынан ғана емес, ажырасу саны жағынан да әлемде тоғызыншы орында тұр.

Мен бұл сандарды өзімді ақтау үшін айтып отырған жоқпын. Мен сіздерге Қазақстанның отбасы институтының қандай аянышты жағдайда екенін көрсеткім келеді, - деді Дәурен Айдарқұлов.

Все новости