Елордада танкистер мен Халықаралық армия ойындарының жеңімпаздары марапатталды
![](/img/articles/uploads/6323e4bbb2f03988819516_434c92118e.jpg)
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында танкистер күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Әскер сапындағы танкистер мен ардагелерді құттықтаған Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов танкистер жауынгерлік дайындық деңгейін ұдайы арттырып қана қоймай, кәсіби шеберліктерін шыңдап, іс-қимылдың жаңа тәсілдерін меңгеретінін атап өтті.
Танкистер батылдығымен, шыдамдылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Олар тактика мен шұғыл іс-қимылды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұрыста қолдану негіздерін терең меңгерген. Қорғаныс министрлігінің басшылығында әрдайым танк әскерлерінде қызмет еткен генералдардың да болуы кездейсоқтық емес, – деді ведомство басшысы.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов өзінің әскери борышын абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қоғам ісіне және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсене араласуды жалғастырып келе жатқан Қарулы күштердің ардагерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Салтанатты жиналыс барысында Қорғаныс министрі 2022 жылғы тамызда өткен Халықаралық армия ойындарының соңғы қорытындыларын жариялады. Биыл еліміздің Қарулы күштері 34 байқаудың жетеуіне қатысып, төрт алтын және бір күміс жүлде олжалады. Осылайша, жалпы есепте 38 елдің ішінде үшінші орынға ие болды.
Барлығы да жеңістің оңай келмегенін көрді. Шын мәнінде, бұл жарыстар біздің әскери экипаждар, есептоптар үшін сынақ алаңы болды. Жауынгерлер моральдық және психологиялық тұрғыда жетіліп, жеңіске деген шексіз ерік-жігерін, өз кәсібіне және әскери мамандыққа адалдығын осы сайыстарда анық көрсетті, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Қорғаныс министрі әскери сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге ведомстволық «Ел қорғаны» медальдарын табыс етіп, сонымен қатар мерзімінен бұрын әскери атақтар берді.
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)