Бүтін бір ауылдың тұрғындары жарықтың ақысын Қырғызстанға доллармен төлеп жүр
![](/img/articles/uploads/632017a8d2276182161729_c2e461933a.jpeg)
Жамбыл облысында бүтін бір ауыл Қырғыз елінің жарығына тәуелді. Көрші елден алатын электр қуатының ақысын доллармен төлейді. Бірақ қымбат тоқтың өзі жел тұрса сөніп, тұрғындар тастүнекте айлап отыратынын айтады, деп хабарлады Elorda.info КТК телеарнасына сілтеме жасап.
16 жылдан бері осындай қиындық көріп келе жатқан Меркі ауданы Жауғаш батыр ауылында жарық ең өзекті мәселе. 18 жыл бұрын трансформатор мен электр желілері бағанасымен қоса тоналып, тұрғындар қараңғыда қалған. Олар екі жыл бойы білте шаммен отырып, ақыры Қырғызстаннан қуат көзін алуға келіскен. Содан бері бұқара мемлекетаралық тұтынушы ретінде қымбатшылыққа ұрынды.
Мемлекетаралық тарифпен алып жатырмыз. Жоғалту, линия, басқасы бар, әр үй 100 киловаттқа 14-15 мыңнан төлеп отырмыз. Оның өзі проблема. Қырғызстанға бір адам жіберіп, ол шекарадан өту керек. Оны долларға айырбастап, қайта сомға айырбастап өткіземіз, – дейді Жауғаш батыр ауылының тұрғыны Өмірбек Оразбаев.
Арнайы тағайындалған бір адам ай сайын төлем жасау үшін Қырғызстанға барып тұрады. Оның жол шығыны көпшіліктің мойнында. Осылайша, онсыз да ең қымбат тарифпен есептесетін бұқара қосымша тағы қалтадан қағылып жүр. Қымбат токтың өзі тұрақсыз көрінеді.
Жарық жоқ болған адам баласына қиын ғой. Қырғызстан беруін беріп тұр. Бірақ сәл жел тұрса, өшіп қалады. Ол жаққа бара алмаймыз. Шекарадан өте алмаймыз. Өтуге 80 км айналып баруым керек, – деді Жауғаш батыр ауылының тұрғыны Сағат Жақсымбетов.
Ескірген бағаналар мен электр желілерін жергілікті билік ауыстыра алмайды. Өйткені олар көрші елдің меншігінде. Айта кетерлігі, осы маңдағы шекара заставасы да ұзақ жылдан бері жарыққа зәру. Олар дизельді генератор қолданады. Жалпы, бұл жағдайдың бүгін-ертең шешілер түрі жоқ. Өйткені 44 шақырымға желі тарту жобасы қолдау таппаған.
Жобамен жарық тартудың құны 532 миллион. Мұндай қаражат аудан бюджетіне ауыр. Сондықтан Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына жыл басында өтінім бергенбіз. Өтінім тиісті министрлікке де жіберілді. Өкінішке қарай, әлі күнге жоба қолдау таппай отыр, – дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғынбаев.
Қазақстанда тұрып долларға байланған тұрғындардың жайы әзірге өзгеріссіз қала бермек. Оларға доллар бағамының өспеуі аса маңызды. Себебі тариф қымбаттап кетуі мүмкін. Ауылда телефон байланысы да нашар. Ал әлеуметтік нысандар атымен жоқ.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)