00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Күміс жас» жобасына 50 жастан асқандар да қатыса алады

31.03.2023 | 17:00
Айман Нығмет
119

«Күміс жас» жобасына 2023 жылдан бастап 50 жастан асқан қазақстандықтар да қатыса алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының» белсенділерімен кездесуінде айтты, деп хабарлады Elorda.info министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жобаға қатысу кезеңі еңбек өтіліне есептеледі, ал 30 АЕК (2023 жылы – 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде қаралады. Осылайша, аталған әйелдер санаты зейнетке шыққан кезде қазіргі кездегідей 20 мың теңге емес, жобаға қатысу өтіліне байланысты 70 мың теңгеге дейін алады, - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, «Күміс жас» жобасы аясында әйелдерді жеке көмекші, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, жас қызметкерлер үшін тәлімгерлер және тағы басқа қызметші ретінде жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады.

Все новости