Қорғаныс министрі әскери оқу орындары басшыларына дәріс оқыды
![](/img/articles/uploads/6312db684f50b886399173_90a3c1a7a0.jpg)
Жаңа оқу жылының басталуына орайластырылған іс-шаралар шеңберінде қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов онлайн-режимде «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы күштердің рөлі мен орны» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Дәріс барысында геосаяси ахуалды ескере отырып, Қарулы күштердің құзырындағы ұлттық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері қарастырылды. Әскери кадрларды даярлауда барлық оқу-тәрбие процесін қазіргі заман талабына бейімдеу қажеттілігі де ерекше атап өтілді.
Сонымен бірге, дәрістің жекелеген бөлігі Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналды.
Қорғаныс министрі Президенттің коммуналдық саланы жаңғырту, өскелең ұрпаққа қолдау көрсету, денсаулық сақтау және білім беру, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту жөніндегі реформалары барлық қазақстандықтардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартатынын атап өтті. Бұдан өзге, Президент пен Парламент сайлауы мерзімдеріне жаңа тәсілдерді ұсына отырып, Мемлекет басшысы ел басқаруды демократияландыру мен азаматтарға тең мүмкіндіктер беретін әділетті Қазақстанды құру жолында басталған реформаларға адалдығын тағы да іс жүзінде көрсете білді.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілер де өмірі мен қызметі Отан тағдырынан ажырамайтын Қазақстан азаматтары болғандықтан, биылғы Жолдаудың Қарулы күштер үшін де маңызы зор екенін атап өтті.
Сабақты қорытындылаған Қорғаныс министрі Президент Жолдауының негізгі тезистеріне сәйкес, сондай-ақ өңірдегі және әлемдегі ахуалды ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға қатысты бірқатар тапсырмалар қойды.
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)