Қарулы күштер сержанттары қайта даярлау курсынан өтті
![](/img/articles/uploads/631086f1f08c5647044576_b36fd7c319.jpg)
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында сержанттар құрамының біліктілігін арттыру курсы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен құрамаларының 70-ке жуық сержанты биылғы тамыз айында бастапқы офицерлік лауазымдарға тағайындау үшін қайта даярлау курсынан өтті. Оқу барысында тыңдаушылар жауынгерлік мақсаттарына сәйкес бөлімшелерді басқаруға мүмкіндік беретін қажетті білім алып, машықтанды.
Мұнда қатысушыларды оқытудың негізгі пәні тактикалық дайындық болды. Сержанттар қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыстың негіздерін, соңғы кездегі қарулы қақтығыстарда бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылды ұйымдастыру ережелерін және олардың жауынгерлік мүмкіндіктерін тиімді қолдануды зерделеді.
Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби мамандары да болашақ взвод командирлерін шешім қабылдау алгоритміне, жауынгерлік тапсырмаларды беруге, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалай білуге және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыра білуге үйретті. Курсты өткізуге барлығы 175 оқу сағаты бөлінді. Теориялық сабақтарда алған білімдерін оқу-жаттығу полигонында тактикалық нормативтерді пысықтауда және оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауда көрсетті.
Сонымен қоса оқу курсы аяқталғаннан кейін тыңдаушылар тактикалық, атыс және арнайы дайындық пәндерінен кешенді емтихандар тапсырды. Сержанттарға одан әрі «лейтенант» әскери атағын бере отырып қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттар бастапқы офицерлік лауазымдарға тағайындауға негіз болады.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)