«Базарда күзетші болу үшін сүреден емтихан тапсырасың»: журналистің жазбасы қызу талқыға түсті
![](/img/articles/uploads/630f2f3a18fd9010051631_2c5b6e3bd5.jpeg)
Алматыдағы әйгілі барахолка діни фанатиктердің бақылауында сияқты. «Байсат» базарында күзетші болып, жұмыс істейтін танысым айлық алу үшін құран сүрелері мен аяттарды жатқа білуің керек деп айды аспанға бірақ шығарды. Яғни, ай сайын жалақының уақыты жақындағанда базарға молда келіп күзетшілерден емтихан алады екен. Кімде кім сүре немесе аяттан шатасса, айлығынан 5 мың теңге ұстап қалады дейді. 4 рет қателессең жалақыңнан 20 мың теңге жоқ деген сөз деп хабарлады Elorda.info «Адырна» порталына сілтеме жасап.
Ең сорақысы жиі қателескендерді бірден жұмыстан шығарып жібереді екен.
Бәріміз білетін Фатиха мен Бақара емес ең қиын, қарилар ғана жатқа соғатын сүрелерді сұрайды дейді танысым. Кей дыбыстарға тілің келмей шатассаң, молдекең айқайлап, әңгір таяқ ойнатады екен. Жасы егде тартқан күзетшілер біразын жаттап алған. Ал, отбасын асырау үшін 2-3 жерде жұмыс істейтін жастарға обалды деп отыр таныс ағам.
Күзетшілерден сынақ алатын молда Жаңатұрмыс мешітінен келеді екен-мыс. Оған базар басшылары кәдімгідей айлық төлейді. Ол аздай барлық күзетшілерді намаз оқуға мәжбүрлейді екен. Бұрыннан келе жатқан бұл ереже қаңтардағы қырғыннан кейін сап тыйылған. Бірақ соңғы 1-2 айда қайта басталыпты. Күзетшілер Жаңатұрмыстан келетін жаңа молда қатал деп ашынып отыр.
Бірақ осы мәселенің бәрін ашық айтуға, журналистерді шақырып, шулатуға қорқады. Біріншіден, жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Екіншіден, бұл базар Мұхамеджан Тазабекпен бірге сапасыз суретке түсіп қалған әлгі кісінікі көрінеді. Сондықтан ол қамауда жатса да әлі қауқары күшті деп қорқады.
Абзал Құспан, Нұржан Үсипбеков, жұмысшыларды құран жаттатып, намаз оқуға мәжбүрлеу қаншалықты заңды?
Ағабек Қонарбайұлы, Діни басқарма тарапынан күзетшілердің мына жанайқайына не айтасыздар? Зайырлы мемлекетте кез келген азаматтың діни наным-сеніміне ешкімнің қол сұғуына жол берілмеуі тиіс қой. Сосын Жаңатұрмыс мешітінің молдасы дегенді де тексеріп көрсеңіздер. Бәлкім, имам деген атты жамылып жүрген мүфтиятқа қатысы жоқ біреу шығар?! – дейді ол.
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)