00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада мектеп көлік картасын қалай алуға болады

25.02.2023 | 14:22
Елорда ақпарат
101

Жақында жаңа оқу жылы басталады. Кассада кезек болдырмау үшін сізден мектеп көлік картасын алдын ала жасатып алуды сұраймыз. Мектеп көлік картасын алу үшін өзіңізбен бірге не болуы керек екенін еске салғымыз келеді. Бірінші кезекте міндетті түрде оқу орнынан анықтама қажет (мектеп, колледж). Сондай-ақ, ата-аналардың бірінің жеке куәлігі, ЖСН бар туу туралы куәлік (жеке куәлік) және 3х4 бір фото, – делінген CTS хабарламасында.

Мектеп көлік картасын екі жолмен алуға болады. Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассадан немесе transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беру арқылы.

Маңызды! Кассаға жүгінген кезде картаны алу туралы өтінішті дәл деректерді көрсете отырып, өзіңіз толтыруыңыз керек.

Оқушылар мектеп көлік картасын қайта алған жағдайда баланың туу туралы куәлігі, сондай-ақ ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе төлқұжаты ғана керек. 16 жасқа толған оқушылар өз бетімен өтініш жасай алады. Қалаған жағдайда, фотосуретті өзгертуге болады.

Алайда, егер оқушының жасы 15-тен асқан болса, картаны қалпына келтіру үшін мектеп анықтамасы міндетті түрде қажет.

Мектеп көлік картасын алғашқы алу құны 800 тг. Қайта шығару – 1 500 теңге.

Еске сала кетейік, елордада қала және Нұр-Сұлтан қаласы маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар ғана қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.

Все новости