Қарулы күштердің қатары жас офицерлермен толығады
![](/img/articles/uploads/62c038d62372a848561164_3df3b6a22f.jpeg)
Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігі мен әскери оқу орнының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ түлектердің туған-туыстары қатысты.
Әскери оқу орны 11 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Еліміздің Қарулы күштерінің қатарын толықтыратын 250-ден астам жас офицер әскери мамандығын растайтын дипломдар алды. Сонымен қатар, институт ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері үшін де офицерлік кадрлар дайындайды.
Қарулы күштердегі офицерлер корпусының даңқты дәстүрін жалғастырушылар ретінде сіздерге артар үмітіміз зор. Тәуекелге бел буып, аса күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға әрдайым әзір, жеке құрамға талап қоя білетін, әскери ар-намыс пен жауынгерлік дәстүрлерге адал нағыз командир болатындарыңа сенімдімін, – деп құттықтады Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
Институттың Жауынгерлік туымен қоштасу құрметі оқу үздігі лейтенант Жамалбек Нұрбақытқа берілді.
Оқу орынның бес үздігі Әділет Мұхамеджанов, Әлихан Сапарбек, Нұрболат Жахантай, Дмитрий Фоменко және Еламан Амангелді Мемлекеттік рәміздер күні ел Президентінің қолынан лейтенант погонын алғанын айта кету керек.
Бүгін біз диплом мен офицерлік погондар алдық. Бұл өз жақындарымыздың ғана емес, ел алдында да үлкен жауапкершілік алуды міндеттейді. Командирлеріміздің сенімін ақтауға және Отанымыздың лайықты қорғаушысы болуға барынша тырысамыз, – деді лейтенант Диас Махмұт.
Дәстүр бойынша шара жас лейтенанттардың офицерлік вальс биімен аяқталды. Жақын арада олар гарнизондарға аттанып, лауазымдық міндеттерін орындауға кіріседі.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)