00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық десанттық-шабуылдау құрамасында ашық есік күні өтті

25.02.2023 | 10:00
Елорда ақпарат
74

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері республикалық одағының бастамасымен ұйымдастырылды. 

Мен әскери-патриоттық клубты басқарамын. Мұнда балалар әскери істің қыр-сырын үйреніп, әскери-қолданбалы спорт түрлерімен айналысады. Әрине, балалар үшін осындай кездесулер маңызды. Олар әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысып, Отанның нағыз қорғаушысы болуға талпына бастайды, – деп түсіндірді Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері республикалық одағы төрағасының бірінші орынбасары, запастағы полковник Серік Осанов.

Экскурсия барысында оқушылар әскери бөлімнің тарихымен танысып, ашық аспан астындағы мұражайға барды. Казарма мен асханада да болды. Сондай-ақ, балаларға қару-жарақ пен әскери техниканың, киім-кешек пен керек-жарақтың заманауи үлгілері көрсетілді. Әскери бөлімге келген жасөспірімдерге құрметті қарауыл ротасының дефилесі ерекше әсер етті. 

Әскери қызметшілермен шынайы қарым-қатынас болды. Дене бітімі ерекше, шымыр десантшыларға балалар ерекше ықыласпен қарады. 

Әскери бөлімді алғаш көруім. Біз сарбаздардың күнделікті тұрмысымен танысып, қалай жаттығып, атыс жүргізгенін көрдік. Бізге қаруды жинап, бөлшектеуді көрсетті. Әсіресе маған әскери қызметшілердің қару-жарақпен жаттығуларды қалай дәл, нақты орындағаны ұнады. Солар сияқты орындап үйренгім келеді, – деді Литвинск жетім балаларға арналған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Аян Қайырберген.

Все новости