Қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минут ішінде алатын болады – министр
![](/img/articles/uploads/62bc2005b35a3088781037_43daaea133.jpg)
Жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Біз Ішкі істер министрлігімен бірге біртіндеп арнайы терминалдарды қолданысқа енгіземіз, сөйтіп құжаттарды миграция мамандарына жүгінбей-ақ, терминал арқылы ресімдеуге болады, - деп жазды министр.
Сонда-ақ ол сөзінде кеше Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру барысы туралы айтып, сосын Сенат депутаттары алдында жаңа заң жобасы бойынша баяндама жасағанын жазды.
Заң жобасында инновация, цифровизация және ақпараттық қауіпсіздік саласына өзгерістер мен онлайн-қызметтерді жылдамырақ енгізуді көздейтін іс-шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, яғни адами факторды азайтып, қызмет көрсету уақытын қысқартуға бағытталған. Платформалық модель мен бірыңғай архитектура қалыптастыру арқылы шығыны көп шашыраңқы ақпараттық жүйелерді реттеп, қажетсіз базаларды қысқартуға болады. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету жылдамдығы артып, азаматтарға да, мемлекеттік органдарға да қолайлы және тиімді жағдай жасалады. Шалғай ауылдарда тұратын қазақстандықтар үшін «цифрлық нүктелер» ашылады. Бұл мәселені Қазпоштада жұмыс істеп жүргенде көтерген едім. Бәріне белгілі, Қазақстанның түкпір-түкпірінде, тіпті ең шалғай ауылдарында Қазпоштаның ғана бөлімшелері бар, сондықтан осы бөлімшелерде тек пошта қызметтері емес, мемлекеттік қызметтерді де ұсынылатын болады. Әйтпесе тұрғындар қаладағы немесе аудан орталығындағы ХҚКО-ға баруға мәжбүр. Цифрлық құжаттар мәселесіне келсек, заңда цифрлық құжаттар қағаз нұсқамен тең дәрежеде қолданылатыны туралы норма қарастырылған. Сондай-ақ жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Біз ІІМ-мен бірге біртіндеп арнайы терминалдарды қолданысқа енгіземіз, сөйтіп құжаттарды миграция мамандарына жүгінбей-ақ, терминал арқылы ресімдеуге болады.
Алыс елді мекендерді байланыспен қамту мәселесіне келсек, байланыс желісін электр жеткізу желілерінің бағандары арқылы өткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Яғни электр жеткізу желілері бар жерге байланыс та өткізіледі. Ал, мұндай мүмкіндік болмаған жерлерге спутник арқылы жеткізетін боламыз. Әлеуметтік саладағы цифрландыру жұмыстарының қарқыны да бәсеңдемеуі тиіс. Бұған дейін мүгедектікті растайтын құжат алу үшін бірнеше мекемені аралап, түрлі анықтамалар жинау керек болатын. Біз бұл процесті қайта қарастырдық, енді көп ұзамай ерекше қажеттілігі бар тұлғалар мүгедектігін куәландыру үшін түрлі мекемелерді араламай-ақ, бір ғана мекемеге – өздерінің емханаларына жүгінетін болады. Көпбалалы аналарға да жәрдемақы проактивті түрде тағайындалады. Енді олар жәрдемақы ресімдеу үшін құжат жинап жүрмейді, қызмет автоматты түрде көрсетіледі.
Үдерістерді ашық және жариялы жүргізуге жол ашылады. Мысалы, алқа билерді іріктеу процесі автоматтандырылады, көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар электронды түрде өткізіледі. Жаңа заң жобасының басты міндеті – азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара байланысын нығайту. Арыз-шағымдар, өтініштер мен басқа да құжаттарды әп-сәтте жолдауға болады. Осы екі кездесуді қорытындыласам, біздің жұмысымыз ең басты екі қағидатқа - проактивті және «адамға бағдарланған» жобаларға негізделген. Сенаторлар біздің заңжобаға қолдау көрсеткеніне қуаныштымыз»,-делінген министр жазбасында.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)