Үздік мемлекеттік қызметші: Халыққа адал қызмет ету - басты міндетім
![](/img/articles/uploads/62b5418c49509325693373_0a9ccc3668.jpg)
Артур Әлішерұлы ел абыройы мен беделін қашан да жоғары қояды. Ол мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті халыққа адал қызмет ету деп санайды.
Мемлекеттік қызметші елдің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халыққа адал қызмет етуді басты міндетім деп есептеймін. Әрбір мемлекеттік қызметші бұл қағидатты берік ұстануы қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоюы тиіс, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Нақты айтар болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Себебі ол – қашан да биліктің айқын бейнесін көрсетуші тұлға. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді, - дейді Артур Баймаханов.
Оның мемлекеттік қызметте жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болған. Ол осы жыл уақыт ішінде біраз жетістіктерге жетіп үлгерген. Күні кеше ғана ол «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпаздар қатарына ілікті. Мемлекеттік қызметші бұл байқауға ерекше жоба ұсынған.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60-тан астам мемлекеттік органдардың ішінен жеңімпаз атандым. Кейін барлық өңірлер арасында өткізілген республикалық сайыстың 4 кезеңі бойынша (эссе жазу, жоба әзірлеу, республикалық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру, онлайн-дауыс беру) үздіктер қатарынан көріндім. Осылайша республикалық комиссияның қорытынды шешімімен «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпазы болдым. Бпйқаудың финалдық онлайн-дауыс беру кезеңінде 100 мыңнан астам респондент қатысқанын атап өткен жөн.
Байқауға ерекше жоба ретінде «I tergeý» бағдарламасын ұсындым. Ол – қылмыс процесіндегі мәселелердің заманауи шешімі. Бұл – тергеу процестерін цифрландыру бағдарламасы.
«I tergeý» компьютерлік бағдарламасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесін жеңілдетуге және оңтайландыру жолымен реттеуге арналған. Осы бағдарламаны шығару үшін ІТ-мамандары секілді бір жол бойы компьютерлік бағдарламаны жазу тілін үйрендім. Нәтижесінде бағдарламаға авторлық куәлік алдым. Ұсынысым халық игілігі үшін жұмыс жасайды деген сенімдемін, - деп өз жаңалығымен бөлісті кейіпкеріміз.
Оның пікірінше, қазіргі мемлекеттік қызметші жан-жақты болу керек, әсіресе цифрландыру саласын меңгергені абзал.
«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атану мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Осы жетістігім жаңа Қазақстанның дамуына үлес қосуға, ел абыройы үшін аянбай қызмет етуіме үлкен күш-қуат берді. Барлық әріптестерімді Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтамын. Осы орайда сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Қашанда жарқын болашақтың жаршысы болып жүре беріңіздер! – деп өз тілегін білдірді Артур Баймаханов.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)