00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Министр энергия үнемдеуге қатысты заң жобасын ұсынды

25.02.2023 | 08:31
Елорда ақпарат
86

Жоба Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіпорындардың энергия тиімділігі бойынша талаптарды күшейту, сондай-ақ Президенттің Алматы қаласындағы екінші жылу электр орталығын көмірден газға ауыстыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді, дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Осылайша, ірі кәсіпорындарда энергия үнемдеу бойынша жауапты тұлғаларды бекіту ұсынылады. Сонымен бірге аталған заң жобасы энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі функцияларды персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдарға беруді көздейді. Бұл шаралар сала сарапшыларының кәсіби деңгейі мен жүргізілетін энергия аудиттерінің сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Жекелеген түзетулер мемлекеттік шекара арқылы шекара бөлімдері және автомобиль өткізу пункттерінің ғимараттары мен құрылыстарын салуға қатысты болып табылады.

 

Все новости