00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада Тергеу изоляторында отырғандар да референдумда дауыс берді

25.02.2023 | 08:08
Елорда ақпарат
89

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Тергеу изоляторында орналасқан №216 сайлау учаскесінде күдіктілер мен айыптаушылар таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс бере бастады.

Учаскедегі Референдум комиссиясының төрағасы Қанат Рахимов дауыс берудің заң талабы мен құқықтық нормаларға сай өтіп жатқанын айтты.

Заңға сәйкес тергеу изоляторларында отырған, үкiмi заңды күшiне енбеген, кәмелетке толған ҚР азаматтары жалпыға бірдей белсенді сайлау құкығына ие. Елордалык тергеу изоляторында 437 адам осындай құқыққа ие, олар сот үкiмi заңды күшiне енбеген және тергеу үшін уақытша қамауға алынған тұлғалар. №216 сайлау учаскесіне, Орталык сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған жәшіктер мен кабиналар, сондай-ақ жадынамалар, брошюралар, кеңсе керек-жарақтарын берді, үй-жай бейнебақылаумен жабдықталды, - деді ол.

Уақытша ұстау изоляторында отырған Павел Щербаков референдумнан кейін заң үстемдігі орнайтынына сенім білдірді. 

Бүгін – қазақстандықтар үшін тарихи күн, Қазақстан Республикасының Ата заңына енгізілетін өзгерістер – еліміздің даму жолындағы маңызды қадам. Қазір осы мекемеде отырғаныммен, Қазақстан заңдары бойынша маған дауыс беру құқығы берілген. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тиісті мекемелеріне түсіндіру жұмысын жоғары деңгейде жүргізгені үшін алғыс айтқым келеді. Өйткені Ата заңымызға өзгеріс енгізу тарыл шешім қабылдауға барлық азаматтың мүмкіндігі бар. Еліміздің болашағы менің дауысыма байланысты екенін түсінемін. Референдумнан кейін заң үстемдігі орнайтынына сенемін, – деді Тергеу изоляторында отырған ол.

Ерлан МАЗАН

 

Все новости