00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада таңғы 6-да дауыс беруге келгендер де бар

25.02.2023 | 08:06
Елорда ақпарат
81

Біз таңғы 6-да есік қаққан дауыс берушіге учаскенің 07.00-де ашылатынын айттық. Ол күтіп тұрды. Аты-жөні – Жолдыбай Шалғынбаев, 1955 жылы туған. Сарыарқа ауданындағы №187 көшедегі 3-үйдің, 166-пәтерінде тұрады, - деп әңгімелеп берді қызықты оқиғаны Сарыарқа ауданындағы №147 референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Айтбек Кәрібжанов.

Төрағаның айтуынша, бұл учаскеге 2987 адам тіркелген. Дауыс беру уақыты ашылған 40 минуттың ішінде 44 адам дауыс беріпті. Олардың көпшілігі – мемлекеттік қызметкерлер, әртүрлі бюджеттік құрылымдардың жұмысшылары. Дауыс беріп, шығып жатқандардың арасынан бір-еік адамды әңгіме тарттық. Солардың бірі – энергетик Абылайхан Қабылдин.

«Абылайхан, жаңа ғана дауыс беріп, өзіңіздің таңдауыңызды жасадыңыз. 5 маусымнан кейін ел өмірінде, әр адамның өмірінде не өзгереді?» – деп сұрадық.

Өз басым ертең бірден өзгеріс болады дегенге сенбеймін! Бүгінге дейін қалай өмір сүріп келсек, солай жалғаса береді. Әрине, 2-3 жыл өткен соң, бүгін жасаған таңдауымыздың нәтижесін көреміз. Ең бастысы, біз бұл кезеңнен өттік. Халықтың жаңаруға, өзгеруге деген үмітін, ықыласын байқап отырмыз. Бәрінен маңыздысы – осы. Әр күн, әр ай, әр жыл сайын біз дамимыз, алға басамыз, санамыз кемелденеді. Әрбір жіберген қатемізден сабақ аламыз. Өмір дегеніміз – күрес. Осылай алға адымдай берсек, даму мен өзгерудің көшінен қалмаймыз, - деп өз ой-пікірін бүкпесіз жеткізді ол.

Көп жылдар бойы сайлау комиссиясына жетекшілік етіп жүрген Айтбек Әнуарбекұлы халықтың саяси сауаты, сайлау мәдениеті өсіп келе жатқанын айтады.

Көп жылдар бойы сайлау комиссияларын басқарып келемін. Бір байқағаным, елдің сайлау мәдениеті қалыптасты. Адамдар бұрынғыдай емес, сайлауға не үшін келгенін, не істеу керектігін жақсы біледі. Тізімнен өзін тез тауып, азаматтық ұстанымын білдіреді. Еліміздегі әрбір азаматтың таңдауы маңызды деген нәрсені бірінші орынға қояды. Бізге керегі – осы бағыт. Халықтың саяси сауаты өскен сайын, ел де, қоғам да дамиды, - дейді А. Кәрібжанов.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Все новости