00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордада «Bilim park» ғылым және шығармашылық орталығы ашылды

25.02.2023 | 07:50
Елорда ақпарат
51

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Әкім өз сөзінде қалада осындай ғылым және шығармашылық орталығының ашылғанына қуанышты екенін жеткізіп, орталық шәкірттеріне сәттілік тілеп, балаларды мерекемен құттықтады.

Балалар «Bilim park» ғылым және шығармашылық орталығының директоры Раушан Кушебаева. Іс-шара барысында орталықтың бөлімдері таныстырылып, дайындық процесстері көрсетілді. Салтанатты жиын соңы бүлдіршіндердің өнерімен тәмамдалды.

«Bilim park» орталығында мектеп жасындағы балалар IT, техника, шығармашылық бағыт және спорт үйірмелеріне қатыса алады. Орталықтағы үйірмелер саны 15-ке жуық. Біліммен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында домбыра үйірмесі де ашылған. Сұранысы жоғары үйірмелерінің бірі - «Хореография» және «IT» бөлімі, - деп хабарлады Оқушылар сарайы директорының орынбасары Айгүл Әйтімова.

Орталықта бүлдіршіндерге 15-ке жуық педагог білім береді. Сонымен қатар орталықтағы тәрбиеленуші жасөспірімдер әртүрлі қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысу мүмкіндігіне ие. Үйірмелерге 5-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.

Мәдина Сагингали,

Назерке Максимова,

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенттері  

Все новости