00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Ауыл пошталарында «цифрлық бұрыштар» пайда болады

25.02.2023 | 05:58
Елорда ақпарат
79

Тұрғылықты жеріне қарамастан, әр азамат үшін цифрлық сервистер мен қызметтер қолжетімді болуы тиіс. Бұл үшін заң жобасында ұлттық пошта операторының пошта желісі негізінде ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің цифрлық нүктелерін құру ұсынылады, – деді министр.

Оның айтуынша, аталған цифрландыру нүктесі пошта байланысы бөлімшесінің қызметкері қызмет көрсететін, интернетке қолжетімділігі бар компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған орын болады.

Қазпоштаның екі мыңға жуық ауылдық бөлімшелерінде цифрлық қолжетімділік нүктелерін ашу жоспарлануда. Осы электрондық бұрыштарда халық қызметтер алып, мемлекеттік органдарға электрондық өтініштер жолдай алады, – деді ведомство басшысы.

Все новости