00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Биыл полиция қиын жағдайға тап болған 2700-ден аса әйелді дағдарыс орталығына жіберген

25.02.2023 | 05:14
Елорда ақпарат
81

Полиция жүйесінде әйел құқығын қорғау мәселесінде әйелді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы инспекторларға ерекше рөл беріледі. Ішкі резерв есебінен олардың саны 2 есе артып, белгіленген стандартқа жеткізілді. Бүгінгі күні мұндай инспектор әйелдердің саны 248 адамды құрайды. Яғни қосымша 129 әйел инспекторға көбейді. Мұндай лауазымдар енді әрбір аудандық полиция бөлімшесіне енгізілді, – деді Әсет Оспанов. 

Бұл бөлімшелердің қызметкерлері өтініштерді қабылдайды, жәбірленушілерге заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдармен белсенді ынтымақтасады.

Бүгінде құрбандарды әлеуметтік оңалтуға 49-ға жуық дағдарыс орталығы көмек көрсетуде, олардың 39-ында баспана бар.

Осы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері дағдарыс орталықтарына өмірлік қиын жағдайға тап болған 2700-ден астам әйелді жіберді. Оның ішінде 716-сына баспана анықталды. Әйелдер мен балалар құрбан болған қылмыстарды тергеу үшін тергеушілердің мамандануы енгізілді, – деп қосты комитет басшысы. 

Мұнымен қатар, Әсет Оспанов барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылғанын айтты. Олардың құрамына 280 тергеуші-әйел кірген. 

Жәбірленуші әйел тергеушіге әйелге көбірек сенім артады. Бұл зорлық-зомбылықты тергеудің тиімділігін арттырады, – деді Әсет Оспанов. 

Все новости