Әскерден жалтарғандарға қандай шара қолданылады
![](/img/articles/uploads/62568d76c813b871122479_a949a07a0e.jpg)
Азаматтарды шақыру пункттеріне медициналық комиссиядан өту үшін шақыруға қатысты барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
18-ден 27 жасқа дейінгі әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер шақырту қағазы және sms-хабарламалар жіберу арқылы медициналық комиссиядан өтуге келу қажеттігі туралы мәлімделеді.
Егер әскерге шақырылушы бірнеше рет хабарлағаннан кейін жинау пунктіне келмесе, онда жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп жалтарушының тұратын және жұмыс істейтін жеріне барады.
Шақыру медициналық комиссияның нәтижелері бойынша шақырылушының мерзімді әскери қызмет өткеруге жарамдылық дәрежесі айқындалады. Егер жас жігіт жарамсыз деп танылса, онда сол күні ол жинау пунктінен үйіне қайтады. Егер әскерге шақырылушы қосымша тексеруді қажет етсе, онда ол медициналық мекемелерге жіберіледі.
Медициналық комиссия тексеруінен сәтті өткен және қызметке жарамды деп танылған әскерге шақырылушылардың әрбірін әкімнің орынбасары төрағалық ететін шақыру комиссиясы дербес қарайды. Осылайша, әскерге шақыру туралы шешім қабылданады. Шақыру бойынша медициналық комиссия мен әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ретінде қаралатынын естеріңізге саламыз. Шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмеген жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әскери қызметтен жалтару бір мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе одан айыруға әкеп соғады, – делінген ведомствоның ақпаратында.
![](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)