«Елімізде ұлттық идеология ақсап тұр»: Сенатор діни ағымдармен күресу қажет екенін айтты
![](/img/articles/uploads/6204bca2e6e39114174772_60573a16cf.jpg)
Биылғы еліміз үшін күрделі ахуалмен басталды. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты бейбіт шеруін қылмыстық және деструктивті ағымдағы топтар өз мүдделеріне пайдаланып кетті. Арты трагедияға ұласып, жазықсыз жандар зардап шекті. Бұл оқиға халыққа да, билікке де үлкен сабақ болды, - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.
Сондай-ақ сенатор жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзақыларға ергендердің басым бөлігі жастар болғанын, осының өзі жастар саясаты саласындағы олқылықтың бар екенін атап көрсетті.
Сонда қай жерден қателестік? Осыған дейін жастар саясаты үшін бөлінген қаржы мен төгілген тердің нәтижесі қайда? Расымен, сол жұмыстың бәрі науқаншылыққа жол беріп, алаулатып-жалаулатып өткізген бір күндік шаралармен шектелгені ме? Ашығын айту керек, қасіретті қаңтар еліміздегі ұлттық идеологияның ақсап тұрғанын да анық көрсетті, - деді Әли Бектаев.
Оның сөзіне қарағанда, бар жауапкершілікті ата-анаға арта салу дұрыс емес. Себебі кейбір ата-ана үшін баласына бүтін киім мен ішер асын тауып беру, яғни, күнкөрістің өзі оңай емес. Ондайда балаңды отаншыл рухта тәрбиеле деп талап қоюдың өзі әбестік.
Жыл басында болған оқиғаларға деструктивті діни ұйымдардың қатысы бар екендігі анықталып отыр. Қоғамда бірнеше жылдан бері айтылып, талқыланып келсе де, бұл мәселеге қатысты қатаң шешімдер қабылданбай келеді. Есесіне біздің дәстүрлі дінімізді, имамдарды, мемлекеттік құрылымдарды мойындай бермейтін, өзі де, сөзі де басқа, жүрісі де, тұрысы да бөлек адамдар көбейді. Олардың немен айналысып жүргенін ешкім білмейді. Тіпті, құзырлы органдардың өздері шарасыздық танытады, - деді ол.
Үкіметке депутаттық сауал жолдаған сенатор діни ахуалды бақылауға алып, рұқсат етілмеген деструктивті діни ағымдармен күресудің нақты және қатал шараларын қабылдау қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ жастар арасындағы жұмыссыздыққа қатысты жалған статистиканы жоюға үндеді.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)