00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«200 000 000 теңге ұтылдым»: Маңғыстау облысында ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жіберді (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:19
Елорда ақпарат
122

Мен, Сүлейменов Әсет Игілікұлы, 1985 жылы дүниеге келдім. Осы ойынды ойнап келе жатқаныма 20 жылдан көп уақыт болды. Бұл азарт ауру ма, білмеймін. Осы уақытқа дейін сол жылдарда 200 000 000 теңгедей ұтылдым деп айтуға болады. Құмар ойын менің түбіме жетті. Алла берген 4 баламды,  әке-шешемді, аға-іні бауырларымды, әпке-қарындастарымды жерге қараттым. Екінің бірін алдап ақшасын алып, құмар ойынға салу үшін барлық құйтырқы әрекеттерге бардым, - дейді ол.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ер адамның ұсталғанын айтты.

Оқиға орнына келген полиция жасағы ер адамды ұстады. 36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ, ол WhatsApp мессенджерінде Loto ойын клубына қалай от қоятынын көрсететін видео таратқанын айтты, - деді ПД баспасөз қызметі. 

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Все новости