00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

«Пәтерім ипотекаға алынған»: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары өзін сынағандарға жауап берді

24.02.2023 | 23:07
Елорда ақпарат
87

Шенеунік Instagram-парақшасына өзін сынап жатқандар бар екенін жазып, айтылған қауесеттерге жауап беруді шешкен екен.

ҰАТ-та Президенттік резервистер мемлекеттік қызмет істері агенттігіне цифрлық төраға орынбасарын іздеп жатқанын айтты. Өздері бірнеше адам ұсынған. Ішінде мен де болдым. Сұхбаттасуға шақырған кезде ұсыныстар  мен мәселелердің шешу жодарын дайындадық. Кейін ол ҚР Президенті Әкімшілігіне көрсетілген. Мені бұл қызметке негізгі үміткер ретінде қарастырғанын тағайындалудан үш күн бұрын ғана білдім, – деді Серғазиева.

Желіде шетел аралап, қымбат сөмкелермен түскен суреттеріне қарап жұртшылық оны ықпалды адамдардың қолдауымен жоғары орынға келді деген болатын. Осыған орай төраға орынбасары қарапайым өмірі туралы айтты.

Мен туралы тасыған байлығы мен ықпалды туыстары бар деген пікірлер жалған. Зейнеттегі ата-анам Оралда тұрады. Пәтерім ипотекаға алынған, сөмкелер аутлеттен, алқаларым мен Тиффани әшекейлерім күміс. Мен шенеунік болған емеспін. Күйеуім мен балаларым жоқ. Сондықтан айлығымды өзіме жұмсаймын, – деді агенттіктің жаңа тағайындалған орынбасары.

Ол өзінің осы қызметте жас ұрпақтың өкілі ретінде жаңашылдықпен өзгерістер жасауға тырысатынын айтып, бірнеше жоспарымен бөлісті. Атап айтқанда, цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу мен қабылдау, жұмыстан шығару процесін ашық етуді, мемлекеттік органдарға ақпарат ұсына отырып, қызметтердің сапасы туралы кері байланысты жинау процесін цифрлауды, ашықтық пен айқындыққа қол жеткізу үшін осы бағытта мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды мақсат тұтатынын айтты. 

Сөзін қорытындылаған Серғазиева әрқашан сауалдарға ашық екенін айтып, халықты сындарлы диалогқа шақырып қойды.

 

Все новости