00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсырған 2 мыңға жуық астаналықтың 99-ы ғана тесттен өтті

24.02.2023 | 19:48
Елорда ақпарат
103

"2021 жылғы қарашада елордадағы мамандандырылған ХҚКО-да 1989 адам жүргізуші куәлігін алуға келген. Олардың 1003-і теория бойынша, ал 887-сі практикалық көлік жүргізу бойынша емтиханнан өте алмады. Ал екі емтиханды да тек 99 адам сәтті тапсырып, жүргізуші куәлігін алды", - деді мемлекеттік корпорация өкілі.

Бұл – емтихан тапсырғандардың жалпы санының 4,95%-ы.

Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы департаментінің директоры Марат Тұрсыновтың айтуынша, жыл басынан бері 32 мыңнан аса адам теориялық емтихан тапсыруға келген. Тестіден олардың 45 пайызы ғана өткен.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің төрағасы Әділ Қожихов жүргізуші куәлігін сатып алу деректері анықталғаннан кейін емтихан тапсыруға бақылау күшейтілгенін айтты.

Бүгін ХҚКО журналистерге биометриялық салыстыру жүйесі – Face ID аналогын таныстырды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне жаңа форматтағы тестілеу сыныбы көрсетілді, қазір әрбір тесет тапсырушының үстіне бейнекамера орнатылған.

Все новости