Ертең магистратура грантына құжат қабылдау басталады
![](/img/articles/uploads/61b2146db14dd475268599_5938de1f89.jpg)
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі енді үміткерлер жылына екі рет магистратура мен докторантураға құжат тапсыра алады деген шешім қабылдаған болатын.
«Осылайша, қандай да бір себептерге байланысты алғашқы қабылдау науқанында өтініш беруге мүмкіндігі болмаған қазақстандықтар кешенді тестілеу тапсыруға және магистратураға түсуге тағы бір мүмкіндік алды. Тестті сәтті тапсырған үміткерлер жазғы қабылдау нәтижелері бойынша тағайындалмаған гранттарды жеңіп ала алады. Естеріңізге сала кетейін, магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайды. Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсушілер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы биыл 15-22 желтоқсан аралығында, оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.
Магистратураға түсушілер үш мыңнан астам мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Гранттардың басым бөлігі «Химия» (172 грант), «Ветеринария» (169), «Механика және металл өңдеу» (156), «Металлургиялық инженерия» (137), «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» (132), «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» (130) және басқа мамандықтар бойынша бөлінді.
Білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде білім беру гранттарының саны туралы толық ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған Магистратураға грант иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желілерде жарияланады.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)