Нұр-Сұлтанда баласына қарыз қанша ата-ана бар
![](/img/articles/uploads/614d4b8450e54682658558_f46514bdfc.jpg)
Олардың жалпы қарызы 4,5 млрд теңгені құрайды.
«Алимент төлемеудің басты себептері ретінде:
- Борышкердің тұрақты жұмыс орнының болмауы;
- Кірісті жасыру, оны азайтып көрсету;
- Алименттік міндеттерді 3 айдан артық орындамаған жағдайда алимент орнына алатын мүліктің болмауы;
- Борышкердің тұрғылықты жерін анықтаудағы қиындықтар;
- Атқарушылық іс жүргізу барысында ішкі істер қызметкерлерінің сот орындаушыларына оншалықты көмектеспеуі секілді факторларды айтуға болады.
Мұндай кедергілерді жою үшін бірқатар мәжбүрлеу шарасы да қолданылады, бірақ оның бәрі оң нәтиже бермей жатыр, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы Ерлан Оңтаев.
Отбасы институтына қатысты осындай мәселелерді шешу үшін астанадағы «Жанұя» орталығы бірнеше бағытта жұмыс істеп келеді. Соның бірі – тұрғындарға тегін құқықтық қызмет көрсету.
«Төрт балам балам бар. Олардың материалдық жағынан қамтамасыз ету қиындап кеткен соң балаларымның әкесінен алимент өндіріп алуға сотқа талап-арыз жазған едім. Бірақ оны сауатты құрастыра алмағандықтан, үш ай бойы сот оны маған қайтара берді. Кейін «Жанұя» орталығына келіп, мұндағы заңгерлердің көмегімен талап-арызды сауатты құрастырып, соның арқасында сот оны қанағаттандырды. Енді екі жылдан бері өтелмей келген алиментке қолым жететін болды», – дейді қала тұрғыны Ақнұр Доспанбет.
Аталмыш орталық директоры Әсемгүл Садырдың айтуынша, жыл басынан бері мекемеге 735 азамат арызданып келген, соның 15%-ы, яғни 110-ы алимент өндіріп алу мәселесі бойынша жүгінген.
Алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесінде Жұмыспен қамту орталығы да көмекке келеді. Биыл жеке сот орындаушылары тарапынан бұл орталыққа алимент бойынша берешегі бар 107 адамға сұраным келіп түскен. Бүгінде оның 21-і жұмысқа орналасса, 8-і жұмыс істеуден бас тартқан, 86-сы әлі де жұмыс іздеу үстінде.
![](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)