00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

1,7 миллионнан астам ата-анаға сабақ өткізілді

05.04.2024 | 11:15
Елорда ақпарат
126
1,7 миллионнан астам ата-анаға сабақ өткізілді
Фото: дереккөз

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты хабарлағандай, осы жылдың қаңтар айынан бастап педагогикалық қолдау орталықтарында ата-аналарға арналған 64 мыңнан астам сабақ өткізілді.

Қаңтар айынан бастап 1,7 млн-нан астам ата-ананың қатысуымен 64 мың іс-шара өткізілді. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету және олардың позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру үшін оқу орындарымен күш біріктіруі көзделген. Орталықтарда көрсетілетін тұрақты психологиялық қолдау ата-аналарға тәрбиенің тиімді стратегияларын дамытуға, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға және әртүрлі отбасылық мәселелерді шешуге көмектеседі, - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық білім беру ұйымында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеуде.

Все новости