00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған орын табылды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 02:50
Елорда ақпарат
80

Ұсталған бүлікшілер кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсетті. Бұл жолы жасырын орын ұлттық парк аумағында, орман белдеуінде орналасқан.

Тапаншалар, патрондар, полиция киімдері салынған пакеттер жердегі кәрізге жасырылған. Үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 граната, Макаров тапаншасынан 100-ден астам патрон, Калашников автоматынан – 107, аңшылық мылтықтан – 16, екі оқ өтпейтін жилет, противогаз, радиостанция, полиция формасы, камуфляждық рюкзак, сонымен қатар, 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.

Барлық жаңалықтар