00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

«Жас кезім-ай»: Әли Оқапов неге өкінді?

09.02.2024 | 05:01
74
Фото: akerkeburkitbay

Ақерке Бүркітбай күйеуімен табиғат аясында түскен фотоларын Instagram парақшасында жариялады. Суреттерде ерлі-зайыптының қол ұстасып және құшақтасып тұрғанын көруге болады. Келіншегі жариялаған фотоларға алғашқылардың бірі болып, күйеуі Әли Оқапов пікір қалдырған. Ол "жас кезім-ай" деп жазып қойған. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың махаббатқа толы фотосессиясына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген. 

«Екеуінің бір-біріне деген сезімі мен махаббаты шынайы екені көрініп тұр. Бақыттарың баянды болғай», «Тіл көзден сақтасын! Отбасыларыңа амандық тілеймін», «Сондай жарасымды жұп. Сіздерге қарап қызығамын», «Махаббаттарыңыз мәңгі болсын. Балаларыңыз көп болсын», - деп жазуда көпшілік. 

Барлық жаңалықтар