Әлемнің 26 елінде қазақ күйлері күмбірледі
![домбыра](/img/articles/5dfc5b9a842821ab42c3563cf479ac32.jpg)
Наурыз мейрамы аясында бес құрлықта танымал қазақ күйлері күмбірледі. Күйші Құрманғазы, Дайрабай Ерназарұлы және Түркеш Қалқаұлының композицияларын 26 елдің радио тыңдаушылары тыңдамақ, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тізімде Түркия, Иран, Болгария, Испания, Литва, Латвия, Венгрия, Хорватия, Польша, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Бразилия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Марокко, Эфиопия және Оңтүстік Африка радиостанциялары бар.
Шетелдік радиостанцияларда қазақ күйлерін ротациялау Мәдениет және ақпарат министрлігі және Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылды.
Шетелдік радиостанцияларда ротациялау үшін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Көңілашар», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Серпер», «Дайрабайдың күйі» композициялары жіберілді.
Шығыстан батысқа дейінгі түрлі елдерде белгілі қазақ күйлерін ротациялау – Қазақстанның бай мәдени мұрасын жаһанға насихаттау үшін жасалған шағын болса да, маңызды қадам және радио тыңдаушыларды домбыра үнімен таныстыратын бірегей мүмкіндік, – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Сондай-ақ, ведомство басшысы радиостанциялардың қазақ шығармаларына деген қызығушылығы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін айғақтайтынын атап өтті. Бұл үрдіс жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналып, ал шетелдік радиостанциялар қоры басқа да қазақтың музыкалық шығармаларымен толығады деп жоспарлануда.
![Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның әнұранын орындады](/img/articles/010bb7b05674f76479a89b3fb992bdc5.jpg)
![Димаштың Астанадағы концерті қашан өтетіні белгілі болды](/img/articles/474a89ac39032876631906e9bb5feb01.webp)
![Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады](/img/articles/12cdd70842baf02641917e1e0d1c2a0b.jpg)
![Елімізде Ұлттық кітап күні белгіленді](/img/articles/2e031832e81e21d2b9c3e0b8c8b28831.jpg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)