00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Мәжілісте Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды

19.03.2024 | 03:30
113
фото: дереккөзден

Жиынға Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Асхат Аймағамбетов, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы, ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысты.

Сөздікті әзірлеуде дүние жүзіне танымал Oxford English Dictionary сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынды. Сөздік құрастыру жұмысы төрт жыл үздіксіз жүріп, оған 50-ден аса тәжірибелі тілші атсалысты. Сондықтан бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы елеулі оқиға, – деді Айгүл Құспан. 

1300 беттен тұратын қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздік 60 мың сөзді қамтиды. Oxford University Press баспасы екітілді Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығаруға ресми рұқсатын берді. Сөздік Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғылыми кеңесінің сараптамасынан өткен.

Барлық жаңалықтар