Елордада жаңа тарихи кітаптар таныстырылды
![](/img/watch-gray.png)
Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және қырғыз тілінде басылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітаптары көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға ғалымдар, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері және Парламент депутаттары қатысты, деп хабарлады Elorda.info Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз сөзінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңадан жарық көрген еңбектер ұлттық бірегейлікті сақтау жолында тарихи маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ ол аталған кітаптар туған халқының кемел келешегі үшін қызмет еткен көрнекті тұлғалардың өмірі мен мұрасын дәріптеуге зор үлес қосатынына назар аударды. Нақты тарихи деректер мен архив материалдары қамтылған туындылар оқырман қауымға ұлт үшін басын бәйгеге тіккен саяси қайраткерлердің өміріне қатысты тың мәліметтер ұсынады.
Сонымен қатар Палата Спикері елдің өткені, бүгіні және болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз байланысты екенін тілге тиек етті. Сондықтан ұлт шежіресін жүйелі зерттеп, зерделеудің маңызы зор. Мемлекет басшысының тарихи сананы жаңғырту және тарихты дәріптеу бағытындағы тапсырмасына сәйкес Сенат бұл салаға баса мән беріп келеді.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Соған сәйкес отандық ғалымдар мен тарихшылар ежелгі заманнан бүгінге дейінгі аралықты қамтитын жеті томдық ауқымды еңбек әзірлеп жатыр. Көптомдықтың басты мақсаты – Тәуелсіздік шежіресін терең түсініп, тарихымызды объективті түрде қабылдауды қалыптастыру. Мұның бәрі бүгін жарық көріп отырған «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және «Ташқа жазылған тарых» кітаптарының негізгі идеясымен үндес екенін атап өткен жөн. Ұлт тарихы мен ұлы тұлғаларымыздың өмірі терең зерделенген бұл еңбектер алдағы уақытта мемлекеттілігімізді нығайтуға және ұлттық кодымызды сақтауға қызмет етеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ іс-шара барысында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, жазушылар және журналистер сөз сөйлеп, жаңа еңбектердің мәні мен маңызы туралы ой өрбітті.
![Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның әнұранын орындады](/img/articles/010bb7b05674f76479a89b3fb992bdc5.jpg)
![Димаштың Астанадағы концерті қашан өтетіні белгілі болды](/img/articles/474a89ac39032876631906e9bb5feb01.webp)
![Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады](/img/articles/12cdd70842baf02641917e1e0d1c2a0b.jpg)
![Елімізде Ұлттық кітап күні белгіленді](/img/articles/2e031832e81e21d2b9c3e0b8c8b28831.jpg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)