00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Театрландырылған қойылым ұлттық салт-дәстүрді паш етті

18.03.2024 | 03:30
117
Фото: дереккөз

Хор қойылымы «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында өтті.

«Тал бесіктен – Жер бесікке...» – қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарына негізделген хор қойылымы. Қойылымда қазақ халқының даналығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын, философиясы мен дүниетанымын паш ететін салт-дәстүрлер мен әдет- ғұрыптардың өзіндік кешені драматургиялық тұрғыда көрініс тапқан, - деп жазылған филармония ұсынған хабарламада. 

Хор әртістері ұлттық киімде, ұлттық нақыштағы сахнада өлеңдерді көркемдеп оқып, Дәулеткерейдің «Қамажай», «Қосалқа» (өңдеген: Е. Корабейникова), «Қуырмаш» (өңдеген: Ә.Әбдінұров), Е.Хасанғалиевтың «Келші, келші балашым», Құрманғазының «Балбырауын» (өңдеген: Е. Абылай) хорға арнап өңделген қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының шығармаларын орындады.

талл.jpg

Концертке Камералық хордың жеке орындаушылары Жұбаныш Зетова, Абылай Ерболат, Жандос Байбосынов, Әділ Сұлтан қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Тал бесіктен - Жер бесікке...» театрландырылған қойылымы алғаш рет ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай осыдан 2 жыл бұрын ұсынылды және көрермендер мен музыка сыншылары тарапынан резонанс тудырып, жоғары бағаға ие болды.

Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова, дирижер – Данара Ташатова, концертмейстер – Гүлден Базыкен.

Камералық хор – халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы. Олардың қатарында «World Choir Games»-ден екі алтын медаль (Латвия, Рига, 2014), «Шабыт» XVII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдесі (Қазақстан, Астана, 2014), «Budapest International Choral Celebration» халықаралық хор фестиваліне қатысу (Венгрия, Будапешт, 2015), «The Heart of Chorus – 2019» халықаралық фестивалінің бас жүлдесі (Қытай, 2019),  Lakshminarayana Global Music Festival (Үндістан,2024) және т.б. бар. Осы жеңістердің барлығы ұжымның кәсібилігі мен шеберлігін айқын көрсетеді, - деп жазылған хор жетістіктері туралы хабарламада. 

Барлық жаңалықтар