00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«QYZ JIBEK» by Muqagali атты музыкалық кино-новелланың көрсетілімі өтті

03.11.2023 | 06:30
65
Фото: Elorda.info

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры сахнасында «Qazcontent» мемлекеттік акционерлік қоғамы мен Музыкалық жас көрермен театры актерларымен бірлесе отырып түсірілген «QYZ JIBEK» by Muqagali атты музыкалық кино-новелланың көрсетілімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

кю 4.jpg

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Асхат Максимұлы, кино-новелланың ең алғашқы көрсетілімі өткеннен кейін сахнаға көтеріліп, шығармашылық топтық жұмысқа ат салысқандарға алғыс білдірді.

Бұл «Qazcontent» мемлекеттік акционерлік қоғамымен, біздің Музыкалық жас көрермен театрының біріккен жобасы. Сондықтанда, жаңа экранда көрсеткендердің барлығы біздің артистеріміз. Осы кино-новеллада басты рольдерде ойнаған Алмаз Абденов пен Аяжан Бағдаттың фильмде көргеніміздей, экрандағы махаббат шынайы ғашықтыққа айналды. Нәтижесінде осы ағымдағы жылдың қазан айының басында екі жас отбасын құрды. Біздің театр ұжымының қазан айындағы гастрольдік сапары Жетісу өңірінен басталуы да себепсіз емес еді. Талдықорған қаласында қыз ұзату тойында болсақ, Содан соң Алматы, Шымкент асып, Тараз қаласында Алмаздың шаңырағында келін түсіру қуанышына ортақтасып келдік.

Енді кино-новелланың өзінің белгілі уақыты бар, сол уақытқа сыйғызып, мынадай қайталанбайтын кадрларды түсіріп, басы бар, аяғы бар жұп-жұмыр дүние тудырғандары үшін, шығармашылық топқа тағы да алғыс білдіреміз! Бұл туынды өміршең болсын! - деді Асхат Максимұлы.

кю 3.jpg

«Qazcontent» мемлекеттік акционерлік қоғамының шығармашылық тобының жетекшісі Нұртай Башенов барлық фильмге қатысқандарға алғысын білдіріп, «QYZ JIBEK» by Muqagali атты музыкалық кино-новелланың суреті, тизері бейнеленген картинаны қос ғашық, жас отбасы Алмаз Абденов пен Аяжан Бағдатқа сыйға тартты.

кю 1.jpg

Аталған кино-новеллаға ат салысқандарға тоқтала кетейік: қоюшы-режиссері Дәулет Әуелбеков, режиссері Бауыржан Нұрбай, продюсері Ислямов Дәулет, қоюшы-оператор Нұртай Башенов, оператор Қосаев Алмасхан, сценарий авторы Хавдай Нұрлан, және т.б.

Кино-новеллада «Есіңе мені алғайсың», «Ұнатамын мен сені» және тағы басқа қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің шығармалары орындалды.

Барлық жаңалықтар