00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті

14.05.2024 | 16:28
546
Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті
Фото: instagram/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Қытайдағы Shanghai Shangyin Opera House «2024 China Brand Gala» гала-концертінде өнер көрсетті. Бұл туралы Elorda.info dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлады.

10 мамырда Қытайда жыл сайын Қытай бренді күні атап өтіледі. Бұл Қытай экономикасы, өнеркәсібі және инновациясы үшін жергілікті брендтердің әлемдік нарыққа қосқан үлесін көрсететін және технологиялық прогресс пен даму нышандарын көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше күн.

Мереке Шанхай музыка консерваториясының опера, хор музыкасы, оркестр және қытайлық театр бағдарламаларын қолдайтын жобасы болып табылатын әлемдік деңгейдегі ғимарат – Шанхай опера театрында өтті. Шанъинь опера театрының құрметті президенті – маэстро Пласидо Доминго.

Димаш заманауи опера сахнасында өзінің әйгілі «SOS D’un Terrien En Détresse» композициясын орындады.

Барлық жаңалықтар