00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Медеу Арынбаев: Димаш – ғұлама! Ал Төреғали Төреәлі дүлдүл әнші емес (ВИДЕО)

26.05.2023 | 14:30
78
Фото: 365info.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев қазір әншілер емес, орындаушылар көбейіп кеткенін айтты, деп жазады Elorda.info

Әншінің сөзіне қарағанда, тіпті арнайы білімі жоқ өнер жұлдыздарының да бағы жанып тұр. 

Әнші деген феномен. Ол үлкен атақ. Төреғали туралы сол кезде айтқаным хитке айналды. Ол сахнада, жалпы эстрадада өзінің қоңыр үнімен, ақындығымен қалыптасқан тұлға. Мен оны адам емес демедім, жай ғана әнші емес дедім. Бірақ Төреғали дүлдүл, бұлбұл әнші емес дегенім. Ол әнді жеткізе алады.

Бұл үлкен ғылым. Әнші кім, вокалист кім? Бірақ әншілер сол дауыстарын пайдалана алмай, әннің мағынасын аша алмайды. Жүрекке жеткізе алмайды. Оған музыкалық қабілет тағы қосылуы керек. Ал Димашқа келер болсақ, оның дауысы да, әні де, вокалы да бар. Оның болашақта бағындырар белесі көп. Димаш үлкен ғұлама, ол бізге тылсым жаңалық, - дейді Медеу Арынбаев «Базарlike» бағдарламасына берген сұхбатында.

Барлық жаңалықтар