00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Гүлдер» ансамблі елордада концерт өткізеді

08.02.2024 | 05:47
49
Фото: дереккөз

«Гүлдер» ансамблінің жас және қалыптасқан хореографтары ұлттық биден қазіргі заманға дейінгі хореографиялық өнердің түрлі бағыттарындағы жұмыстарын көпшілікке ұсынады.

«Experience»-ге Қазақконцерттің танымал музыканттары, олардың ішінде аты аңызға айналған композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек, «T&Y» тобы, пианист-концертмейстер Дана Молдағалиева қатысады.

Батыл шығармашылық шешімдер мен күтпеген хореографиялық эксперименттер әлемі көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайтыны анық. Жеке, дуэттік және жаппай хореографиялық композициялар әр орындаушының кәсіби әлеуетін аша түспек.

Концерттің ерекше бөлігі saiys-та спорттық-бал биі мен көше би мәдениетін орындаушылардың жекпе-жегі болады. Сондай-ақ көрермен шығармашылық процесстің бір бөлігіне айналып, импровизация форматында кәсіби орындаушылармен өнер көрсете алады.

Барлық жаңалықтар