00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде «Мәдениет» отандық онлайн-порталы іске қосылады

15.02.2024 | 07:21
41
фото: дереккөз

Биыл алғаш рет 8 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосатын боламыз. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық бағыттары бойынша оның ішінде – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау. Бұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 млн. «виртуалды туристерді» қабылдайды,- деді министр.

Барлық жаңалықтар