00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Биылдан бастап қаламгерлерге гонорардың орнына грант тағайындалады

11.02.2024 | 06:55
60
фото: дереккөзден

Аида Балаеваның айтуынша, баспа саласын дамыту үшін жаңа ереже қабылданбақ. Оған сәйкес, кітаптар бірнеше сараптамалық сатылардан өтіп, тек үздіктер ғана жарық көреді. 

Өтінімдер жылына 2 рет қабылданып, түскен құжаттарды тексеру 10 күн, қоғамдық талқылауға 15 күн, арнайы құрылған тәуелсіз комиссияға 15 күн және сарапшылардың қорытындысын дайындауға екі ай беріледі. Әрине осы уақыт ішінде оқырмандардың пікірінен бөлек, отандық ғылыми-зерттеу орталықтарының әлеуметтік зерттеулері, кітап дүкендерінің сатылымға қатысты статистикалық  мәліметтері, баспалардың басылым рейтингі тізбесі назарға алынады. Міне осыдан кейін ғана өкілетті орган нақты нешім қабылдайтын болады», - деді Аида Балаева. 

Сонымен қатар биылдан бастап қаламгерлерге гонорардың орнына грант тағайындалады. Грант сараптамалық комиссияның шешімімен беріледі. 

«Биылдан бастап қаламгерлердің 1 парақ жаңа туындысына 6 ең төменгі жалақы мөлшерінде грант төленеді. Мәселен, орташа есеппен алғанда 160 беттік кітапқа 4 млн теңгеден астам грант беріледі. Грант министрліктің жанынан құрылған сараптамалық комиссияның шешімімен тағайындалады. Ал кітапты басып шығару және кітапты басылымға шығару құқығы автордың өзінде қалады. Егер ол кітап 1 жыл көлемінде жарыққа шығып, кітап дүкендері арқылы сатылымда жақсы көрсеткішке қол жеткізге, оның кезекті басылымы мен таралымын мемлекет өз мойнына алады», - деп түсіндірді министр. 

Сондай-ақ, аударма әдебиеті бойынша ҚР Мәдениет туралы заңына бірқатар өзгертулер енгізу көзделіп отыр.  Бұдан былай мемлекеттік тапсырыспен басылып шығатын әдебиеттердің электрондық нұсқасы Ұлттық электрондық кітапханада жарияланады. 

«Бұл өз кезегінде электрондық нұсқаларын жариялаудағы авторлық құқықтық шектеуліктеріне сәйкес әлемдік танымал туындыларды басып шығаруға мүмкіндік бермей отыр. Кітап басып шығаруға берілетін өтінімдерді кеңейту мақсатында бұл тармақшаны толығымен алып тастауды ұсынамыз.   Бестсе́ллерге айналған әлемдік әдебиеттің классикалық және заманауи туындыларын қазақ тіліне аудару қазіргі таңда жеке баспалар арқылы реттелуде. Енді баспагерлер авторлық құқығын алып, қазақ тіліне аударған белгілі шетелдік туындыларды мемлекеттік тапсырыспен басып шығара алады», - деді министр.

Сонымен қатар, жаңа ережеде сараптама комиссиясының әдебиеттерді оқып, қорытынды пікір жазу уақыты 2 айға қысқарады. Жұмыстың күрделілігіне қарай өтемақы көлемін 2 есеге ұлғайту мәселесі қарастырылатын болады. 

«Мәдениет туралы заңда жазушының мәртебесін айқындау ұсынылады. Бұл - заңның толық жұмыс істеуіне септігін тигізеді», - деп қорытындылады А.Балаева. 

 

Барлық жаңалықтар