00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі

29.01.2024 | 03:30
80
фото: aqparatqogam

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдығын тойлау басталды. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға берілмек.

Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді.

Айта кетейік, еліміздің руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушының 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облысында бастау алды. 

Барлық жаңалықтар