00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Амангелді Құрмет: Отандық баспасөз міндетін абыроймен атқарып келеді

02.02.2024 | 04:45
38
Фото: None

AIQYN газетінің бас редакторы Амангелді Құрмет сала қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Ең алдымен барша әріптестерді Ұлттық басылым күнімен қүттықтаймын!

 

Әлбетте әр мейрамның мән-маңызы болады. Ұлттық басылым күні де ғасырдан астам уақыт  бұрын жарық көрген "Қазақ" газетінің шыға бастаған күніне орайластырылғаны белгілі. Президент өз құттықтауында "Қазақ" газетінің ұлтты ұйыстыруға қызмет еткенін атап өтті. Демек басылымдардың ақпарат таратудан бөлек айрықша қызметі де бар. Қазір қалт-құлт етіп күн көріп отырған отандық баспасөз де осынау міндетін абыроймен атқарып келеді деп білемін. Аса қуатты телекоммуникациялық құралдармен,  интернетпен бәсеке бәйгесінде ұлттық басылымдарлың сүрінбеуін тілеймін! – деді Амангелді Құрмет. 

Барлық жаңалықтар