00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

01.10.2023 | 03:30
66
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланды. 

Алматыда өткен жиында Мемлекет басшысының Жолдауы мен Құрылтайдың ІІ отырысында берген тапсырмалары мен қоғамның өзекті мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, жиынға қатысушылар мемлекет басшысының «Білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту» туралы бастамасына сәйкес, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру, мәдениет тұжырымдамасын қабылдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ А.Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерін қоғамда халқымыздың дүниетанымына жат нәрселерге қарсы тұру, жастар арасындағы ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейту, жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда жастар танымының кең болуы үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылайтын Ұлттық құрылтай жанынан арнайы жұмыс топтарын құру, Ұлттық құрылтай мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстарын жариялайтын арнайы ақпарат құралын шығару мәселелерін қарастыруды сұрады.

Барлық жаңалықтар