00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Велоспорттан елдегі үздік аймақтар анықталды

20.12.2023 | 12:00
57
Фото: дереккөз

Астанада өткен Қазақстан велоспорт федерациясының жиынында еліміздің үздік аймақтары анықталды, деп хабарлады Elorda.info

Велосипед түрлері бойынша еліміздің үздік облыстары марапатталды. Атап айтар болсақ, тасжолдағы велоспорттан Солтүстік Қазақстан облысы үздік шықты. 

Тректегі велоспорттан Астана командасы топ жарды. 

Маунтинбайктан Жетісу облысының спортшылары көш бастаса, ВМХ бойынша Алматы қаласының құрамасына ешкім тең келмеді. 

Аймақтардағы велосипед спортын дамыту мақсатында Абай облысына, Теміртау қаласына және Меркі, Қазалы, Качир аудандарына 25 велосипед пен экипировка табысталды.

Барлық жаңалықтар