00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Саудиялық клуб Мессиге қыруар қаржы ұсынды

05.04.2023 | 21:45
59
Фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" клубы Лионель Мессиге ресми түрде ұсыныс жасады. Бұл туралы журналист әрі белгілі инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мәлімет бойынша, Мессиге жылына 400 миллион еуро еңбекақы ұсынылған. Дегенмен Лионель карьерасын Еуропада жалғастырғысы келеді. 

Фабрицио Романоның сөзінше, Месси ПСЖ-ның келісімшартты ұзарту бойынша ұсынысынан да бас тартқан. Ал қазіргі таңдағы келісімшарт 2023 жылдың жазында аяқталады. 

Еске салайық, аргентиналық шабуылшы "Барселонаға" қайтып оралады деген қауесеттер тыйылар емес. Бұл тақырып испаниялық БАҚ-та жиі айтылуда. Алайда каталондық клубтың өзі форвардқа ешқандай ұсыныс жасамады. 

Барлық жаңалықтар