00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Мәреге бір-екі метр жетпей қалды »: Марафон кезінде ер адам қайтыс болды

10.05.2023 | 10:00
57
фото: Pixabay

Алматы облысында өткен «Tengri Ultra 2023» марафонының қатысушысы мәреге бір-екі метр қалғанда өзін нашар сезініп, артынан көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиға кеше  Іле өзені аңғарында болған.  Алматы облысының әкімдігі марафоншының өліміне қатысты пікір білдірді.

Tengri Ultra 2023» марафонында 1982 жылы туған ер адам 15 шақырымдық қашықтықты бағындырған соң мәре сызығына бірнеше метр қалғанда құлап қалды. Кезекші жедел жәрдем бригадасы бірден тиісті шаралар қабылдады. Бірақ өкінішке орай, ер адам қайтыс болып кетті. Желіде тараған «жедел жәрдем 10 минуттан кейін келді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Спорттық шара кезінде жедел жәрдем көлігі тәулік бойы кезекшілік жасап жүрді,- деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар