00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Колумбиядағы Гран-при: шпагашылар халықаралық сынға қатысады

01.05.2024 | 11:02
86
Колумбиядағы Гран-при: шпагашылар халықаралық сынға қатысады
Фото: Olympic.kz

3-6 мамыр аралығында Колумбияның Кали қаласында шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.Info Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемдік жарысқа Қазақстан командасынан төрт спортшы қатысады. Олар:

Элбмир Алимжанов

Вадим Шарлаимов

Ерлік Сертай

Руслан Курбанов

Гран-при турнирінде командалық жарыс өткізілмейді. Спортшылар тек жекелей сында өнер көрсетеді.

Айта кетелік, аталған төрттік биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарында бақ сынайды. Семсерлесуден Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет жазғы ойындарға командалық есепте жолдама алған болатын.

Барлық жаңалықтар